(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.17.04 № 545 ҚАУЛЫСЫ

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 Қаулысы

(2012.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 12-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 135-құжат);

2) «Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбелерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 137-құжат).

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1252 Қаулысымен ереже өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.15.09. № 953 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.06. № № 861 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 17 сәуірдегі

№ 545 қаулысымен

бекітілген

 

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және мыналарды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.